НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның солтүстігінде жақын күндері қар жаууы мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
"Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді, жаңбыр жауады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде аптаның ортасында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.
"Республиканың батысында ғана жауын-шашын тоқтайды", - деп болжады мамандар.
Үсік жүреді: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты
Айта кетейік, 21 қыркүйекте республиканың он өңірінде, атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды.