Оқиға

Алматы іргесіндегі Фурманов шыңында бала биіктіктен құлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневСтанция скорой помощи в Нур-Султане
Станция скорой помощи в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тау басында құлаған жасөспірім балаларға арналған жедел медициналық көмек көрсету орталығына жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Фурманов шыңында тоғыз жасар бала жардан құлап жарақат алды, деп хабарлайды Алматы қаласының құтқару қызметі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "Служба спасения г.Алматы" (@sluzhba_spaseniya__109)

Мекеменің кезекші бөліміне мұндай хабар 20 қыркүйек күні 13:36-да түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылар бригадасы, сонымен қатар жедел жәрдем тобы және Медеу аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы аттанған.

Құтқарушылар автокөлікпен жолдың ортасына дейін ғана бара алған. Одан әрі тау жолының тарылуына байланысты олар жаяу көтерілген.

"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жасөспірімнің оң қолында сынық жарақаты болуы мүмкін деген күмәнмен, оған медициналық қаптама кигізді", – делінген хабарламада.

Содан кейін құтқарушылар тобы зардап шегушіні жедел жәрдем көлігіне жеткізу үшін, таудан төмен түсірген.

Алайда, жедел жәрдем көлігінің қалаға қайтар жолы да түрлі кедергілерге тап болды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған

Атап айтқанда, белгісіз адамдар көлігін жолға ретсіз қойып кетуі салдарынан жедел жәрдем көлігінің біршама уақыт аялдауына тура келген.

Медициналық бригада мамандары жасөспірімді балаларға арналған жедел медициналық көмек көрсету орталығына жатқызды.

Жаңалықтар
0