НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. 57 жасқа қараған шағында Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев көз жұмды. Ол үкіметте аграрлық және азық-түлік саласына жауап берді.
Ақпаратты Бұхара облысының жергілікті әкімшілігінде растады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Айта кетсек, Барноев ұзақ уақыт бойы коронавирустан ем қабылдады. Шенеунікке шілде айында СOVID-19 диагнозы қойылды. Ол Akfa Medline жеке емханасында емделді.
Расталмаған мәліметке сәйкес, Барноев соңғы уақытта Германияда дәрігерлерге қаралды.
Барноев 2020 жылы ақпан айында премьер-министр орынбасары қызметіне орналасты. Бұған дейін ол Бұхара облысының хокимі болған.