Қоғам

Пәтерлерді заңсыз сатқан: Нұр-Сұлтанда құрылыс компанияларының қылмысы әшкереленді

© Sputnik / Абзал КалиевСентябрьское полнолуние в Нур-Султане
Сентябрьское полнолуние в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде экономикалық тергеу департаменті құрылыс компанияларының үстінен Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша іс қозғағаған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері пәтерлерді заңсыз сатқаны үшін астаналық құрылысшыларға қатысты 16 әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдің сайты.

Бердалиннің айтуынша, құрылыс компаниялары тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлескерлердің ақшасын заңсыз тартып, сондай-ақ заңға қайшы салынып бітпеген үйлердегі пәтерлерді сатумен айналысқан.

"Пәтерлерді заңсыз сатуды болдырмау үшін біз алдағы уақытта мұндай іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуді жоспарлап отырмыз", – дейді ол.

Бүгінгі таңда басқарма 3 құрылыс нысанына қатысты талап-арыздарды сотқа жолдаған. Нәтижесінде, "Шанг Хи Групп" ЖШС, "ExpoNewLife" ТК, "Roztal" ЖШС, "Family Park" ТК, "Mainstreet" ЖШС және "Парус" тұрғын үй кешенінде пәтерлер заңсыз сатылғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Құрылыс алаңына ерекше селфи жасауға барған оқушыларды зорлап кетті

Қазіргі кезде жоғарыда аталған компанияларға қатысты экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлімі (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша іс қозғағаған. Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0