Мұндай бөлім не себепті қажет болды, осы тектес істерді тергеудің күрделілігі неде, тергеушілер біліктілігі қандай болуы керек және Ресей неге шетелде әскери даңқ символдарын қорлау фактісіне қатысты жауап беруге міндетті екені жайлы РИА Новостиге берген сұхбатында Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин әңгімелеп берді.
– Өздеріңіз білетіндей, Нюрнберг әскери трибуналының үкімі Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін бағалаудың маңызды кезеңі болды. Екінші дүниежүзілік соғысты бастау мен оны жүргізуге жауапты басты нацистік қылмыскерлердің іс-әрекеттері қылмыстық деп танылғанын әркім есте сақтауы керек. Соған қарамастан, қазіргі уақытта жүріп жатқан ақпараттық соғыс жағдайында нацизмді Ресейдің ішінде де, шет елдерде де қайта жаңғырту талпыныстарының саны артып келеді. Сонымен қатар, біздің еліміздің фашизмді жеңудегі рөліне жалған баға берілуінің куәсі болып отырмыз. Әділеттілік орнату мақсатында мұндай құбылыстарға қарсы бағытталған іс-әрекеттерді күшейту қажет. Сонымен қатар, біздің қоғамның Отан қорғаушылардың естелігін құрметтеуге және тарихи шындықты қорғауға деген ұмтылысы заңнамалық тұрғыдан рәсімделді және қазір Ресей Федерациясының Конституциясында бекітілді.
– Қазір мұндай әрекеттер қалай жазаланады?
– Нацизмді қайта жаңғырту туралы Ресейдің Қылмыстық кодексінің 354.1- бабының ережелері нацистік символдар мен фашизм идеологиясын насихаттауға тырысқандарға қатысты қазір де қолданылып отыр. Соңғы мысал ретінде "Мәңгілік полк" акциясы аясында болып жатқан оқиғаларға онлайн реакциямыз: Ресейдің бірнеше аумағындағы тұрғындар интернет-сайтқа нацистер мен Отанын сатқандардың фотосуреттерін орналастырды. Кейбір қылмыстық істер аяқталуға жақын, кейбір азаматтар сот алдында жауап берді. Солардың бірі – Пермь қаласының тұрғыны Даниил Симанов. Оған қатысты үкім шығып, 200 сағаттық міндетті еңбек жұмыстарына тарту жазасына қолданылды. Сол себепті, мұндай әрекет үшін концлагерлермен теңесетіндей жаза қолданады деген қисынсыз.
– Мұндай қылмыстарды тергеудің қиындықтары қандай?
– Мұндай қылмыс құрамында барлығы айқын және қарапайым болып көрінгенімен, олай емес. Қылмысты егжей-тегжейлі тексеріп, тергеу барысында фактілердің тарихи оқиғалармен еш сәйкессіздігі анықталып жатады. Тергеу барысында азаматтың заңға қайшы әрекет жасауына не түрткі болды және мақсаты қандай екенін анықтауға басымдық беріледі. Сол себепті, Тергеу комитеті құрылымында арнайы нацизмді қайта жаңғырту және оны қолдауға ұмтылу фактілерін тергейтін арнайы бөлім құру қажеттілігі туындады.
– Жаңа бөлімге тергеу комитетінің осындай қылмыстарды тергеу бойынша тәжірибесі бар тергеушілер кіреді. Бұл заң, халықаралық құқық бойынша ғана емес, тарихтан да хабары бар қызметкерлер. Олар қажет болған жағдайда ғалымдардың көмегіне жүгіне отырып, нацистердің басқа да қылмыстық істерін тергеу барысында соғыс және соғыстан кейінгі кезеңдердің көптеген архив құжаттарына талдау жүргізді.
Сонымен қатар, мұндай жағдайларда біз қажетті сот сараптамаларын, оның ішінде, тарихи сараптамалар жүргізуді ұсынамыз.
Тергеуші, сондай-ақ, Нюрнберг әскери трибуналының шешіміне негізделген халықаралық құқықтың сәйкес нормаларын да басшылыққа алады. Әрине, бұл бағыттағы жұмыстар азаматтар жүргізіп жатқан ғылыми-тарихи қызметке еш ықпал ете алмайды. Нацистерді батыр етіп көрсетіп, олардың қылмысына қолдау көрсету бір басқа да, негізделген ғылыми жұмыс жасау мүлде басқа. Сонымен қатар, жаңа бөлімше өңірлік тергеу органдарына қылмыстық істерді тергеуде әдістемелік-аналитикалық көмек көрсететін үйлестіру орталығының қызметін қоса атқарады.
– Басқа елдерде осы тектес қылмыстар немесе нацистік идеологияны таратқаны үшін қылмыстық қудалау қарастырылған ба?
– ГФР қылмыстық кодексінде антиконституциялық ұйымдардың ұлтшылдық пен социализмм идеологиясымен байланысты үгіт-насихат материалдарын таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Изарильде холокстың болғанын жоққа шығарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар. Беларусь Республикасында нацизмді қайта жаңғырту үшін қылмыстық жауапкершіліке тартылады.
Ал қазір өзіміз көріп отырғандай, Литва, Латвия, Эстонияда СС бөлімшелерінің бұрынғы әскерилерінің ұйымдарына қолдау көрсетіліп келеді. Ал олардың жұмысын Нюрнберг трибуналы қылмыстық деп таныған болатын. Украинада бейбіт тұрғындарды қырып, гитлерлік Германиямен ынтымақтастық орнатқан нацистердің бейіттеріне оқушыларды гүл шоғын қоюға апарып жатыр. Еуропада реваншистер мен нацистер бас көтеріп жатыр. Негізінен олар Австрия, Италия, Испанияда белсенділік танытуда. Мұндай құбылыстар әзірше аталған елдердің билігін қорқытып отырған жоқ. Бірақ алдағы уақытта салдары жақса болмайды.
– Шетелдегі оқиғалар Ресейге әсер етіп жатыр ма?
– Нацизмді қайта жаңғырту мен Ресей әскери даңқы символдарын қорлау фактілері шетелде де анықталып жатыр. Қолданыстағы заңнама мұндай қылмыстарға қатысты әрекет етуімізді талап етіп отыр. Тергеу комитеті Украина ұлттық естеліктер университетінің төрағасы Владимир Вятровичке қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Сол сияқты, Латвия Республикасының азаматы, "СС-тің Латыш легионы" ардагері Висвалдис Лациске қатысты алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Ол 2017 жылы қарашада Рига қаласында өз авторлығымен "Латыш легионына қатысты ақиқат" деген кітап басып шығарды. Ол аталған легионның полиция батальоны бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған әрекеттерін қолдаған. Бірақ 2020 жылдың сәуір айында Лацис қайтыс болды. Алайда, қылмыстық істі тоқтату жауапты азаматтың қайтыс болуына байланысты жақын туыстарының келісімімен жүзеге асырылатындықтан, әзірше қылмыстық іс жалғасып жатыр.
Жуырда ғана Литва Республикасының Жежмаряй қаласында Қызыл Әскер жауынгерлеріне арналған ескерткішті қорлаудың тағы бір фактісі анықталды. Әрине, бұл жағдайлар да Ресейдің Тергеу комитеті тергеушілерінің әрекет етуіне негіз болды. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша процестік тексеру жүргізілуде.
– Жалпы, қандай мақсатқа қол жеткізуді көздеп отырсыздар?
– Біздің міндетіміз – көзі тірі және қаза тапқан азат етуші әскерилердің, бейбіт тұрғындардың, нацистер құрбандарының жақсы атын қорғау. Соғыс сабақтарын есте сақтау және білу – қазіргі уақытта қайғылы оқиғалар мен қателіктердің алдын алуға мүмкіндіктің болуын білдіреді. Осыны ескере отырып, біз жақында тергеу комитетінің іздеу және архив жұмысын үйлестіру жөніндегі штабты құрдық. Оның құрамына территориясында "Ескіру мерзімі жоқ" жобасы бойынша архивтік, тарихи-барлау және іздеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған Ресей Тергеу комитетінің тергеу органдары мен орталық аппаратының басшылары және қызметкерлері, басқа да ведомстволар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Нацистік қылмыскерлерге және антигитлерлік коалиция елдеріне соғыс ашқаны үшін тең жауапкершілікті жүктеуге, нацистік қылмыскерлер мен олардың сыбайластарын ақтауға тырысудың кез-келген әрекеті тарихты бұрмалау ғана болып саналмайды. Олар өз жаратылысынан адамгершіліктен жұрдай және азғын, айқын зұлымдықтан әлемді азат етушілерді қорлап отыр. Сондықтан тарихи шындықтың бұрмалануының алдын алу маңызды. Ол қылмыстық-құқықтық шаралар арқылы орындалуына да жол беріледі.