Ұлы отан соғысы жылдары Қазақстанның қай өңірі бомбаланды

© Sputnik / Абзал КалиевОнлайн - брифинг "Поиск останков казахстанских солдат Второй мировой войны"
Онлайн - брифинг Поиск останков казахстанских солдат Второй мировой войны  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көп адам Қазақстан аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ұрыс қимылдарының болғанын білмейді, дейді Atamnyn Amanaty өкілдері

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жау авиациясының жойқын соққысының салдарынан Батыс Қазақстан облысының аумағында қаза тапқан 17 сарбаздың сүйегі табылды. Бұл туралы Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова айтып берді.

"Жастар түгіл, аға буын өкілдерінің өзі Қазақстан аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ұрыс қимылдарының болғанын білмейді. Сіз бұл жерден майданға жете алмаған сарбаздар мәйітінің қалдықтары көмілген жерлерді көресіз. Олар Сталинград үшін күресуі тиіс азаматтар еді. Бірақ майдан шекарасын кесіп өтуге де үлгермеген. Алайда, олар қолдан келгеннің бәрін жасады", - деп атап өтті Мушанова Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Бөкейорда ауданы (Сайхин ауылы) майданға жақын орналасқан аумақ болғандықтан, бомбалауға ұшыраған.

Соғыс жылдары Астрахань-Саратов теміржолымен Сталинград үшін шайқасқа қатысушыларға дәрі-дәрмек, қару-жарақ, киім-кешек тиелген эшелондар өтіп жатқан. Міне, осы жәйт фашистік бомбалауға түрткі болады.

Археологиялық іздеу жұмыстары 1 қыркүйекте басталып, 15 қыркүйекте аяқталуы тиіс.

Әуелі 365-разъезден бір сарбаздың сүйегі табылды. Ол кезінде теңіз жаяу әскерінің құрамында қызмет еткен аға сержант немесе старшина болуы мүмкін. Ал кейін 372-разъезде артиллериялық атқыштар бригадасының тағы 16 жауынгерінің сүйегі табылды.

"Бұл жұмыс кейбір адамдар үшін қадірсіз болып көрінуі мүмкін, себебі, бізді барлығы бірдей түсіне бермейді. Бірақ, біз зерттеу жұмысын бұған скептикалық көзқараспен қарайтындар үшін емес, әлдеқашан жер жастанған сарбаздардың рухы үшін жүргізіп жатырмыз", - деді түйіндеді сөзін Райгүл Мушанова.

Жаңалықтар
0