Қоғам

Ракпен ауыратын қазақстандықтарға емді тоқтату ұсынылды

© pixabay.comЛекарства, иллюстративное фото
Лекарства, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Институттың басқарма басшысы ракпен ауыратын адамдарды барынша күтініп, гигиена талаптарын сақтауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға коронавирус жұқтырған жағдайда, ракты емдеуді тоқтата тұру ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма басшысы Диляра Қайдарова айтты.

"Пациенттерге мынаны ескерткіміз келеді. Қатерлі ісікке шалдыққан науқаста коронавирус анықталса, барлық халықаралық стандарт бойынша емді тоқтата тұру ұсынылады. Бұл химиялық терапия, сәулемен емдеу, хирургиялық ем. Науқасты коронавирус кезінде рактан емдеуге үзілді-кесілді тыйым салынады", – деді Қайдарова онлайн брифингте.

Айтуынша, егер пациентте коронавирустың жеңіл түрі болса, ол адам емханаға барып немесе 14 күн үйінде емделе алады. Кейін коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткенде, қатерлі ісіктен ем алуын жалғастырады.

"Яғни, біз емді тоқтатып тастамаймыз. Коронавирус кезінде химиялық терапия, сәулемен емдеу және хирургиялық ем пациенттің жағдайын одан әрі нашарлатып жіберуі мүмкін. Түрлі асқынуларға әкеп соғуы мүмкін", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар қандай ыдыстың рак тудыратынын анықтады

Қайдарова ракпен ауыратын адамдарды барынша күтініп, гигиена талаптарын сақтауға шақырды.

Жаңалықтар
0