Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейді

© PhotoАурухана палатасында жатқан әйел
Аурухана палатасында жатқан әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте 242 адамда пневмония диагнозы расталды, тамыздан бері пневмонияға шалдыққандар саны 30 579 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Төрт науқас коронавирус инфекциясынан, екеуі ковидтік пневмониядан көз жұмды.

Өткен тәулікте 242 адамда пневмония диагнозы расталды. 1 тамыздан бері пневмонияға шалдыққан пациенттер саны 30 579 адамға жетті, 337 науқас қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы 78 адамнан коронавирус табылды

Қазіргі уақытта 3 835 адам коронавирустан ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 бала бар. Стационарларда 1 967 науқас жатыр, 1 868 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 100 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 13 науқастың хәлі мүшкіл деп бағалануда. 15 пациент жасанды тыныс алдырту  аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0