Қоғам

"Головлев-Кабдушев" қылмыстық тобының мүшелері сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинСот залы, кісен
Сот залы, кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық топ мүшелері "Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні" АҚ бөлімшелерінен жарылғыш заттарды ұрлап, сатқан

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында жарылғыш заттарды заңсыз сатумен айналысқан "Головлев-Кабдушев" қылмыстық тобының мүшелері сотталды, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Степногорск қалалық соты О.Головлёв пен Н.Кабдушевті Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-тармағы және 287-бабы 3-тармағы (қару-жарақ, оқ-дәрі жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау және өзімен алып жүру) бойынша кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен қылмыскерлер 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Былтыр 20 қарашада ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті "Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні" АҚ бөлімшелерінен жарылғыш заттарды ұрлады деген күдікпен "Головлев-Кабдушев" қылмыстық тобының мүшелерін ұстаған еді.

Тағы оқыңыз: Қарағандыда қаруланған қылмыстық топ ұсталды

Олар 2019 жылдың қазан-қараша айларында салмағы 52 келі "Петроген-П" жарылғышы мен 60 дана "Искра-Ш","Коршун-М ДИН-Ш" электрсіз жарғыш құралдарын сатқан.

О.Головлев пен Н.Кабдушевтің тұрғылықты мекенжайын тінту барысында тағы да 100 келіден астам "Петроген-П", 7,5 келіден аса "Аммонит" жарылғыш заты, сондай-ақ, 382 дана капсюль-детонатор мен толқынды-соққы түтікшелерінің кесінділері тәркіленді.

Жаңалықтар
0