Қоғам

Демалыс күндері Алматының бірнеше ауданында жәрмеңке өтеді

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуОвощи, архивное фото
Овощи, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңке 19-20 қыркүйек күндері өтеді. Ал келесі аптада жәрмеңке өткізу мәселесі қосымша қаралатын болады

АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. Демалыс күндері Алматы қаласының бірнеше ауданында жәрмеңке өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және карантин шараларының жеңілдеуіне байланысты, кезең-кезеңімен "демалыс күнгі" жәрмеңкелерді өткізуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды", – делінген әкімдік ақпаратында.

Бірінші кезеңде жәрмеңке Бостандық ауданының "Қазақфильм" шағын ауданында, Әуезов ауданындағы Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында өтеді. Сонымен қатар, Алмалы ауданындағы Гоголь мен Масанчи көшесінің қиылысында да жәрмеңке ұйымдастырылатын болады.

Жәрмеңке 19-20 қыркүйек күндері өтеді. Ал кезекті "демалыс күнгі" жәрмеңкені өткізу мәселесін қала басшылығы қосымша қарайтын болады.

Жәрмеңке өтетін нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық норма талаптары сақталуы қажет. Келушілер де бетперде тағып, арақашықтықты сақтауға міндетті. Ал жәрмеңке ұйымдастырушылар антисептик пен термометрияның болуына жауап береді.

Оқи отырыңыз: Азық-түлік бір айда 1,9 процентке қымбаттады – Ұлттық банк төрағасы

Айта кетейік, демалыс күндері Алматыда қоғамдық көлік әдеттегідей жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0