НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 72 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 9,
- Алматы қаласы – 4,
- Ақмола облысы – 3,
- Ақтөбе облысы – 1,
- Алматы облысы – 2,
- Атырау облысы – 7,
- Шығыс Қазақстан облысы – 20,
- Жамбыл облысы – 1,
- Батыс Қазақстан облысы – 4,
- Қарағанды облысы – 6,
- Қостанай облысы – 2,
- Қызылорда облысы – 2,
- Павлодар облысы – 5,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 5,
- Түркістан облысы – 1.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 056. Індеттен 101 455 науқас жазылып шықты, 1671 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, кеше Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері ауысты. Айжан Есмағамбетованың орнына Ерлан Қиясов келді.