Саясат

Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады

© Sputnik / Алексей Дружинин / Фотобанкке өтуНурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото
Нурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Партияның онлайн дауыс беруі 1-3 қазан аралығында өтетіні хабарланған болатын. Тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысты.

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, дауыс беруге қатысу үшін "Праймериз1 ақпарат жүйесінде тіркеуден өтті. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Праймериз жеңімпаздары мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттардың партиялық тізіміне енеді. Шамамен 5 500 адам іріктеледі.

Іріктеуден өтіп, алайда тиісті қолдау көрсеткішін жинай алмағандар партияның жаңа кадрлық резервіне енгізіледі.

Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысында Елбасы партияға іріктеуді ұйымдастыру жұмысының сапалы болуы маңызды екенін айтқан болатын.

Ол праймеризді ашық, әділ ұйымдастырып, барша қатысушылар үшін бірдей жағдай жасау керек екенін жеткізді. Назарбаевтың айтуынша, партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс. 

Биыл саяси партияларды тіркеудің сандық шегі екі есе азайтылды. Партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді. Партия билікке жаңа адамдарды – өз ісінің шеберлерін, беделді лидерлерді қабылдайтынын жариялады.

Жаңалықтар
0