Әлем

Беларусьте коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға сынақ жүргізіледі

© Пресс-служба АФК "Система" / Медиабанкке өтуПроизводство вакцины от COVID-19 на фармацевтическом заводе "Биннофарм"
Производство вакцины от COVID-19 на фармацевтическом заводе Биннофарм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Минск пен Мәскеу ресейлік "Спутник V" вакцинасын тестілеудің үшінші кезеңіне қатысу туралы келісімге келген еді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Беларусь мемлекеті коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға клиникалық сынақ жүргізу туралы құжаттар алды, деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі. 

Қазір бұл құжаттар зерттеліп жатыр, сарапшылар тобының құрамына "Денсаулық сақтау саласындағы сараптамалар мен сынақтар орталығы" мекемесінің қызметкерлері, сондай-ақ, эпидемиология мен инфекциялық аурулар саласының мамандары кірген.

Олар препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы шынайы мәліметтерді алу мүмкіндігін бағалауы, сонымен қатар, сынақ жүргізуге қатысты этикалық мәселелерді қарастыруы қажет.

"Бұл сынақ Ресей Федерациясы аумағында жүргізілген "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасына жүргізілген ауқымды зерттеудің бір бөлігі болмақ", -делінген баспасөз хабарламасында.  

Беларусьтің вирусқа қарсы тестілеріне 100-ге тарта ерікті қатысады. Ниет білдірушілер Минск пен Витебскінің 8 сайтына өтінім қалдыра алады.

Бұған дейін Минск пен Мәскеу ресейлік "Спутник V" вакцинасын тестілеудің үшінші кезеңіне қатысу туралы келісімге келген еді.  Зерттеудің алғашқы кезеңінде бұл препарат еріктілердің жүз пайызында тұрақты гуморальды және жасушалық иммундық жүйе қалыптастырған және олардың бойында ешқандай қолайсыздық тудырмаған. Сонымен қатар, вакцинадағы вирусты бейтараптандыратын антиденелердің деңгейі коронавируспен ауырып шыққан науқастардағы деңгейдекн 1,4-1,5 есе жоғары болған.

Жаңалықтар
0