Қоғам

Қас қағым сәт: алматылық "өрмекші адамның" видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинАвтомобильное движение
Автомобильное движение - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желі қолданушылары қанша жерден өзіңе сенімді болсаң да мұндай әрекетке бармау керектігін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жолаушылар автобусы ер адамды қағып кете жаздаған видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Видеодан ер адам жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Жолдың қақ ортасына жеткенде ол кенет алға ұмтылып, қарғып түседі. Қас қағым сәтте оң қапталдан жоғары жылдамдықпен келген автобустан ер адам көрінбей қалады.

Санаулы секунд ішінде секіріп үлгерген жаяу жүргінші автобус өтіп кеткен соң жол жиегінде тұрған көлік капотынан айналып сырғып түсіп жатады. Оның жарақат алған-алмағаны белгісіз. Видеоның соңында ол автобус жүргізушісіне қол бұлғағаны байқалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

"16 қыркүйек күні Гоголь мен Назарбаев көшесінің қиылысында өрмекші адам көрінді", – деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Ал кейбір желі қолданушылары бұл жігітті ақбөкенмен салыстырған.

Сонымен қатар, желі қолданушылары қалдырған пікірлердің қатарында өзіңе сенімді болсаң да мұндай әрекетке бармау керектігі жазылған.  

Оқи отырыңыз: Өрмекші адам болып ойнап жүрген бала сегізінші қабаттан секіріп кетті

Айта кетейік, жақында Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында тағы бір "өрмекші адам" қоғам назарын өзіне аударды. Ешбір сақтандыру құралынсыз бағандар мен биік қабырғаларға өрмелеп шыға алатын 28 жастағы Амандық Молдағұловтың кәсіби мамандығы – электрик екен. 

Жаңалықтар
0