Қоғам

Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарасын ашқан жоқ – ҰҚК

© Photo : сайт правительства КыргызстанаПункт пропуска "Актилек-автодорожный" на границе Казахстана и Кыргызстана
Пункт пропуска Актилек-автодорожный на границе Казахстана и Кыргызстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Шекараларды ашу туралы шешімді ведомствоаралық комиссия мен Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстан және Өзбекстанмен әуе қатынасын ашу шекара арқылы көлікпен немесе жаяу өтуге болады дегенді білдірмейді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

"Шекаралар әлі жабық, кейбір елдермен тек әуе байланысы қалпына келтірілді", - деп түсініктеме берді ҰҚК баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы 12 қыркүйекте жанданады

Шекараларды ашу туралы шешімді ведомствоаралық комиссия мен Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері коронавирус пандемиясымен байланысты эпидемиялық жағдайға сүйене отырып қабылдайды.

Айта кетейік, Қазақстан БАӘ, Германия, Беларусь, Украина, Мысыр, Түркия және Өзбекстанмен әуе қатынасын қалпына келтірді.

Қырғызстанға 20 қыркүйектен бастап ұшуға рұқсат етілді.

Жаңалықтар
0