Қоғам

Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері ауысты

© Photo : пресс-служба премьер-министраЕрлан Киясов
Ерлан Киясов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айжан Есмағамбетова мемлекеттік бас санитар дәрігер лауазымына жарты жыл бұрын тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Үкіметтің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі – мемлекеттік бас санитар дәрігер лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Primeminister.kz.

"Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы "Алматы қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасы" қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастады", - делінген ресми хабарламада.

Еңбек жолы

1997-1999 жылдары – Алматы қаласындағы Қазақстанның әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитар дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болған.

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін – Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасына қарасты медициналық орталық құрылымындағы санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитар дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлім бастығы, "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, басшының орынбасары лауазымын атқарған.

Оқи отырыңыз: Заңгер бас санитар дәрігердің қаулысын неге заңсыз деп есептейтінін түсіндірді

Айта кетейік, бұрынғы мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова осы қызметке 2020 жылы 20 наурызда тағайындалған болатын. Бүгінде ол денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін сақтап қалды.

Жаңалықтар
0