Оқиға

Жамбыл облысында жоғалған 7 жасар баланы тікұшақпен іздеп жатыр

© Sputnik / Kirill Braga / Медиабанкке өтуТень вертолета МИ-8АМТШ, летящего над полем
Тень вертолета МИ-8АМТШ, летящего над полем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір жоғалған баланы іздеуге 200-ге жуық адам жұмылдырылды, оның ішінде полицейлер, құтқарушылар мен кинологтар бар

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында екі жүзге жуық адам жоғалып кеткен жеті жасар баланы іздеп жатыр.

15 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында Мойынқұм ауданы Күшаман ауылында тұратын 2013 жылы туған бала үйден атқа мініп шығып кетіп, қайтып оралмады, деп хабарлады Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Баланы іздеуге 200-ге жуық адам жұмылдырылды, оның арасында полиция, құтқарушылар және ерікті жергілікті тұрғындар бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @zhambyl_police

Сонымен қатар іздестіру іс-шараларына төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды. Тікұшақ құтқарушылар тобымен және авариялық-құтқару қызметінің кинологтарымен бірге іздеу аймағын әуеден тексеру үшін Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына ұшып кетті.

Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, баланы жоғалып кеткен күні сағат кешкі алты шамасында жергілікті тұрғындар Күшаман ауылынан 30 шақырым жердегі Жасұлан ауылының маңынан көрген.

Баланың ерекше белгілері: арық, бойы 120 см, қара шашты. Үстіне сұр футболка киген, қызыл баскиімі бар, шолақ шалбар мен қара түсті спорттық аяқкиім киген.

Жамбыл облысының полиция департаменті жоғалған бала туралы ақпарат беру үшін 8 (7262) 2-49-02, 99-73-39, 8-775-376-66-93 телефондары және "102" нөміріне хабарласуды сұрады.

Жаңалықтар
0