Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда 15 қыркүйекте төрт жүзден астам адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан бес адам және коронавирустық пневмониядан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

15 қыркүйекте 408 адамға пневмония диагнозы қойылды, 71 науқас сауығып шықты.

Бірінші тамыздан бастап 30 074 адамнан коронавирустық пневмония анықталып, 332 адам қайтыс болды. 26 406 науқас жазылып шықты.

Коронавируспен ауырғандар туралы ақпарат

Қазір коронавирус инфекциясынан 4 037 адам емделіп жатыр, оның ішінде 37 бала бар. Стационарларда – 2 221 науқас, амбулаториялық деңгейде – 1 816 пациент ем қабылдауда.

125 адам ауыр халде жатыр, 16 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 18 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: COVID-19: Ғалымдар антидене ағзада бір ай ғана болатынын анықтады

Өткен тәулікте тағы 64 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Жаңалықтар
0