Қоғам

ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді

© REUTERS / Anton VaganovСотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде Қазақстанда әзірленген SARS-CoV-2 (COVID-19) вирусына қарсы вакцина клиникаға дейінгі зерттеуден өткізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Коронавирус инфекциясына қарсы әзірленген екінші вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакциналар тізіміне қосты. Бұл туралы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚазҰАУ) жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біздің наноэмульсивті майлы адъювант негізіндегі SARS-CoV-2 (COVID-19) вакцинамыз 2020 жылдың 9 қыркүйегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жарияланған вакциналар тізіміне енгізілгенін зор қуанышпен хабарлаймын", – деп жазды Табынов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Казақстандық екі вакцина да ДДҰ сайтында жарияланған вакциналардың тізіміне қосылған.

Бұл вакцинаны ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығы мен Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялардың ұлттық ғылыми орталығы бірлесе әзірлеп шығарған. Қазір ол клиникаға дейінгі зерттеуден өтіп жатыр.

"Осы орайда, зерттеуге қатысушылардың барлығына осы кезге дейін және бұдан кейін де атқаратын жұмыстары үшін алғыс білдіремін. Баршаңызға сәттілік тілеймін", – деп жазды ол.

Бірінші қазақстандық вакцина туралы не білеміз?

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 31 шілдеде коронавирусқа қарсы QazCovid-in️ вакцинасын клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналардың тізіміне қосқан болатын.

Вакцинаның жеті әзірлеушісі вируспен тұрақты түрде жұмыс істегендіктен, өздерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында вакцина салдырады. Олардың арасында институт директоры да бар. Талдау нәтижелері бойынша, барлығының бойында вирусқа қарсы антидене қалыптасты. Қызметкерлердің денсаулығы жақсы, бүгінде олар ғылыми-техникалық бағдарлама аясында өздерінің жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар COVID-19 бен тұмауға қарсы аралас вакцина жасау жоспарын жария етті

Кейінірек, QazCovid-in қазақстандық вакцинасының клиникалық сынақтарына қатысуға өтінімдер жинау жарияланып, 627 адамнан өтінім түсті.

Жаңалықтар
0