Қоғам

Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті

Жазылу
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер аптасына 2 рет, сейсенбі және жексенбі күндері орындалады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстаннан Қырғызстанға 20 қыркүйекте ұшуы тиіс алғашқы рейстің билеттері сатылып кетті.

15 қыркүйектегі жағдай бойынша әуе компаниясының сайтында соңғы билет қалды.

"Елдер арасындағы рейстерді Air Astana әуе компаниясы Алматы - Бішкек бағытында аптасына 2 рейс жиілікпен (сейсенбі, жексенбі) орындайды. Рейстерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады", - деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы жанданды 

Бұған дейін Қырғызстанға халықаралық рейстер 2020 жылдың 20 қыркүйегінен бастап қалпына келетіні хабарланған болатын.

Қырғызстанға келген барлық жолаушы термометриядан өтеді. ПТР тест тапсырып, өзін-өзі оқшаулаудың қажеті жоқ. Егер жолаушыдан қандай да бір белгілер анықталса, ол ауруханаға жатқызылады.

Жаңалықтар
0