Қоғам

Алматыда полицей ұйықтап жатқан адамды ажалдан құтқарды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицей көлігі
Полицей көлігі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам өз бөлмесінде ұйықтап жатқан, қонақ үй қызметкерлері бөлменің есігін қақса да, ұйқысынан оянбаған

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматыда полицей ұйықтап жатқан адамды өрт шыққан қонақ үйден алып шықты.

Төтенше жағдай Алатау ауданы Шоссейная көшесіндегі қонақ үй кешенінде болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары Жансерік Мыңжасаров түнгі он бірлер шамасында сол маңнан өтіп бара жатқан. Түтінді көрген ол көлігін тұраққа қойып, қонақ үйге жүгіреді.

"Ғимараттың алдында он шақты адам болды. Әкімшіден қонақ үйдің ішінде адамдардың бар-жоғын сұрадым. Ол 108-ші бөлмеде бір ер адам қатты ұйықтап жатқанын айтты. Мен бірден екінші қабатқа көтерілдім. Айнала көк түтін. Есікті бұзуға тура келді. Ер адамды далаға алып шықтық", - деді подполковник Мыңжасаров.

Тағы оқыңыз: "Әйелі үйде болмаған": Петропавл тұрғыны екі баласымен бірге ажал құшты

Ажалдан аман қалған ер адам Алматыға іссапармен келіпті. Ол полицейге өмірін құтқарғаны үшін алғыс айтты.

"Осы жерде ұйықтап жатқан едім. Жолдан қатты шаршап келдім. Өрт шығып, қызметкерлер бөлмемнің есігін қаққан, бірақ мен естімеппін. Кейін ер адамдар жүгіріп келіп, есікті бұзып, мені сыртқа алып шықты", - деді қалаға келген қонақ.

Жаңалықтар
0