Қоғам

Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады

© Photo : Sports.kzКуат Хамитов
Куат Хамитов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшы "халықты улап жатқан" дезинфекция жасаушыларды ұру қажет екенін айтып, видео жариялаған. Полиция мәселеге құқықтық баға беру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандық файтер "Найман" әлеуметтік желіде зорлық-зомбылыққа үгіттегені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде Қуат Хамитовтың видеосы анықталды. Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. 

Тергеу шараларының қорытындысы бойынша нақты процессуалды шешім шығарылады. Хамитовтың әрекетіне құқықтық баға беріледі, делінген сайтта.

Биліктің заңды талаптарына белсенді бағынбауға, жаппай тәртіпсіздікке және азаматтарға қатысты күш қолдануға шақыру, арандату үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Қуат Хамитовтың басы бәлеге қалды

Жаңалықтар
0