Қоғам

Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / СтрингерДезинфекторы в Алматы
Дезинфекторы в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде спортшының видеосы қызу талқыланып жатыр. Ішкі істер министрлігі мұндай үгіттеуді қылмыс деп бағалаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов дезинфекция жасайтындарды ұрып, тікұшақтарға оқ ату керек деген видеосына түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ассалаумағалейкүм, қазақстандықтар! Дезинфекция туралы тарап кеткен видеоға қатысты айтарым, ол - қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет істеуге ешкімді шақырған емеспін және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Хамит. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Айта кетейік, спортшыға қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.

Биліктің заңды талаптарына белсенді бағынбауға, жаппай тәртіпсіздікке және азаматтарға қатысты күш қолдануға шақыру, арандату үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0