НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, деп хабарлады Elbasy.kz.
Кездесуде Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.
Шпекбаев агенттіктің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік органдардың бюджетінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ осы үдерісте азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.