НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Питтсбург университетінің (АҚШ) ғалымдары ақуызға зерттеу жүргізіп, SARS-CoV-2 коронавирусын толығымен бейтараптандыратын ақуыз ойлап тапты. Оның нәтижелері туралы материал Cell журналында жарияланды.
Зерттеушілер организмге түсетін коронавирустың S-ақуызымен байланысуға қауқарлы 100 миллиард молекуланы талдаған. Олар тышқандар мен атжалмандарға зертханалық зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде препарат кеміргіштердегі коронавирустың алдын-алу мен емдеуде жоғары тиімділік көрсеткенін анықтаған.
Осыдан кейін америкалық ғалымдар бұл препаратты COVID-19-қа қарсы терапиялық дәрі деп санауға болады деген қорытындыға келді.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар COVID-19 бен тұмауға қарсы аралас вакцина жасау жоспарын жария етті
Табылған ақуыз адам жасушаларымен байланыспайды. Сондай-ақ, мамандар оның жағымсыз жанама әсерлерді азайтуға мүмкіндік беретінін айтады.