Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

12 миллион жылдық жартастар: Шарын шатқалының ғажайып көріністері – фото

Жазылу
Шарын шатқалы – бұл шөгінді тау жыныстарын мыңжылдық жел мүжуінен рельефтің бастапқы формасы оқшауланған жартастар, бағандар мен мұнаралар пішіні қалыптасқан таңғажайып жер

Шарын ұлттық саябағының аумағы 127 мың гектарды құрайды. Sputnik Қазақстан сайтынан табиғи ескерткіштердің ғажайып көрінісін тамашалаңыз.

Бұл шатқал 2004 жылы 23 ақпанда құрылған Шарын ұлттық паркінің бөлігі болып табылады.

Шарын шатқалы 154 шақырымға созылып жатыр, тік қабырғалардың биіктігі 100-ден 300 метрге дейін. Ол Алматыдан шығысқа қарай 195 шақырым жерде, Қытаймен шекаралас аймақта орналасқан.

Ол АҚШ-тың Үлкен шатқалына ұқсас, бірақ салыстырмалы түрде одан кіші болып келеді және Еуразия континентіндегі жалғыз шатқал.

Қазір бұл жерде төрт туристік маршрут бар. Негізгі көрікті жерлер: шатқалдың өзі, "Қамалдар аңғары", Шағанды тоғай және Темірлік шағын шатқалы.

Шарын шатқалындағы экотуризм

Алдағы уақытта Шарын шатқалындағы инфрақұрылым мен экологиялық туризмді дамыту жоспарланған. Яғни, 2025 жылға дейін төрт жаяу жүру жолдарын жабдықтауды, екі келушілер орталығын, этноауылдар мен үш көру алаңын, кемпингтер, кафелер мен кәдесый дүкендерін салу жоспарға енгізілген.

Сондай-ақ, ашық аспан астындағы 50 орындық мейрамхана, 50 орындық эко-қонақ үй, ұлттық тағамдар ұсынатын 50 орындық кафе, 100 көлікке арналған автотұрақ пен балалар алаңын салу көзделген.

Шарын шатқалына түсер тұста велосипедтерді жалға беру пункттері мен дәретханалар, фельдшерлік-акушерлік пункт және жартасты жолдар бар.

Сонымен қатар, жабайы жануарларды табиғи тіршілік ету ортасында бақылау үшін бақылау мұнаралары салынады.

Оған қоса, шатқалға түсуге арналған баспалдақ пен Шарын өзеніндегі жаяу көпір салу жоспарланған. Жаяу серуендеу жолы Темірлік өзеніндегі шағын шатқалға апарады. Бұл жерде де көру алаңы мен тынығу орындары және аспалы көпір болады.

Оқи отырыңыз: Әлемге әйгілі әсем мешіттер – фото

Мұның барлығының құны шамамен 1,2 миллиард теңгеге жуықтайды. Ұлттық паркті жеке инвестициялар есебінен жаңартуға болады деп болжанып отыр.

Ал жаңартылғаннан кейін шатқалға кіру құны 500 немесе 600 теңгені құрайды.

© Sputnik / Тимур БатыршинШарын шатқалындағы бұл жерді "Қамалдар аңғары" деп атайды. Ертегідегі қамалдарға ұқсайтын таңғаларлық пішіндегі тау жыныстары мыңдаған жыл бойы желдің күшімен ойылып осындай көрініске ие болған.
Это место в Чарынском каньоне по праву называют Долиной замков - Sputnik Қазақстан
1/20
Шарын шатқалындағы бұл жерді "Қамалдар аңғары" деп атайды. Ертегідегі қамалдарға ұқсайтын таңғаларлық пішіндегі тау жыныстары мыңдаған жыл бойы желдің күшімен ойылып осындай көрініске ие болған.
© Sputnik / Тимур БатыршинШарын шатқалындағы "қамалдар" мен тік "қабырғаларының" биіктігі 300 метрге дейін жетеді – бұл шынымен де орасан зор.
Высота отвесных стен в Чарынском каньоне составляет от 100 до 300 метров - Sputnik Қазақстан
2/20
Шарын шатқалындағы "қамалдар" мен тік "қабырғаларының" биіктігі 300 метрге дейін жетеді – бұл шынымен де орасан зор.
© Sputnik / Тимур БатыршинКонтиненттегі жалғыз Шарын шатқалында сексеуіл мен шағаннан (діңі қатты ағаш) басқа ештеңе өспейді.
Чарынский каньон - одна из главных природных достопримечательностей - Sputnik Қазақстан
3/20
Континенттегі жалғыз Шарын шатқалында сексеуіл мен шағаннан (діңі қатты ағаш) басқа ештеңе өспейді.
© Sputnik / Тимур БатыршинШарын шатқалындағы тау жыныстары ежелде қалыптасқан – кейбір болжамдар бойынша олардың жасы 12 миллион жыл.
Возраст чарынских скал составляет около 12 миллионов лет - Sputnik Қазақстан
4/20
Шарын шатқалындағы тау жыныстары ежелде қалыптасқан – кейбір болжамдар бойынша олардың жасы 12 миллион жыл.
© Sputnik / Тимур БатыршинШөгінді жыныстар мыңжылдық процестердің бұзылуы әсерінен рельефтің бастапқы формасы оқшауланған жартастар мен бағандардың, мұнаралар сияқты пішіндерге ұқсастығымен туристердің көз қуанышына айналды.
под влиянием тысячелетних процессов выветривания осадочных пород изначальная форма рельефа приняла очертания изолированных скал, колонн и башен - Sputnik Қазақстан
5/20
Шөгінді жыныстар мыңжылдық процестердің бұзылуы әсерінен рельефтің бастапқы формасы оқшауланған жартастар мен бағандардың, мұнаралар сияқты пішіндерге ұқсастығымен туристердің көз қуанышына айналды.
© Sputnik / Тимур БатыршинБұл шатқал америкалық Үлкен шатқалдан кіші. Шарын шатқалы Алматыдан 195 шақырым шығысқа қарай, Қытаймен шекарадан алыс емес жерде орналасқан.
Чарын располагается в 195 километрах восточнее Алматы, недалеко от границы с Китаем - Sputnik Қазақстан
6/20
Бұл шатқал америкалық Үлкен шатқалдан кіші. Шарын шатқалы Алматыдан 195 шақырым шығысқа қарай, Қытаймен шекарадан алыс емес жерде орналасқан.
© Sputnik / Тимур Батыршин
Шарын шатқалындағы әйгілі тас "қақпалар" мыңдаған жылдар бойы ашық күйінде қалып, туристерді тәнті етеді.
 Знаменитые каменные ворота в Чарынском каньоне - Sputnik Қазақстан
7/20

Шарын шатқалындағы әйгілі тас "қақпалар" мыңдаған жылдар бойы ашық күйінде қалып, туристерді тәнті етеді.
© Sputnik / Тимур БатыршинҰзақ жыл бойы Шарын шатқалындағы туризм "жабайы" болды. Еріктілер жыл сайын ұлттық саябақ аумағынан тонналаған қоқысты шығарды.
Возраст чарынских скал составляет около 12 миллионов лет - Sputnik Қазақстан
8/20
Ұзақ жыл бойы Шарын шатқалындағы туризм "жабайы" болды. Еріктілер жыл сайын ұлттық саябақ аумағынан тонналаған қоқысты шығарды.
© Sputnik / Тимур БатыршинҒажайып қорық қазір де адамдар жауапсыздығының зардабын тартуда.
Чарынский каньон - одна из главных природных достопримечательностей - Sputnik Қазақстан
9/20
Ғажайып қорық қазір де адамдар жауапсыздығының зардабын тартуда.
© Sputnik / Тимур Батыршин"Марс" ғаламшарындағы қамалдарға ұқсаған таңғажайып жартастар. Әдемі көріністерді туристерден қалған қоқыстар бұзды.
Чарынский каньон - Sputnik Қазақстан
10/20
"Марс" ғаламшарындағы қамалдарға ұқсаған таңғажайып жартастар. Әдемі көріністерді туристерден қалған қоқыстар бұзды.
© Sputnik / Тимур БатыршинАйрықша пішіндегі тастар "өбісу" деп аталады. Бұл Шарын шатқалының ерекшелігін арттыра түседі.
Чарынский каньон - Sputnik Қазақстан
11/20
Айрықша пішіндегі тастар "өбісу" деп аталады. Бұл Шарын шатқалының ерекшелігін арттыра түседі.
© Sputnik / Тимур БатыршинКүн батар алдында аспандағы бұлттар Шарын шатқалын жұмбақ әрі күңгірт түске бояйды.
Чарынский каньон - Sputnik Қазақстан
12/20
Күн батар алдында аспандағы бұлттар Шарын шатқалын жұмбақ әрі күңгірт түске бояйды.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖергілікті биліктің шешімімен, жақын арада Шарын шатқалы көлік жүргізушілері үшін мүлдем жабық болады.
Чарынский каньон - одна из главных природных достопримечательностей - Sputnik Қазақстан
13/20
Жергілікті биліктің шешімімен, жақын арада Шарын шатқалы көлік жүргізушілері үшін мүлдем жабық болады.
© Sputnik / Тимур БатыршинОлар жаяу серуендеу жолдарын кеңейтіп, демалыс орталықтарына күрделі инфрақұрылым салу арқылы әртараптандыруды жоспарлап отыр.
Чарынский каньон - одна из главных природных достопримечательностей - Sputnik Қазақстан
14/20
Олар жаяу серуендеу жолдарын кеңейтіп, демалыс орталықтарына күрделі инфрақұрылым салу арқылы әртараптандыруды жоспарлап отыр.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖергілікті шенеуніктердің пікірінше, экотуризм басымдыққа ие аймаққа айналуы керек. Ұлттық саябақтың аумағында біртіндеп "жасыл" технологияларға негізделген арнайы демалыс аймақтары пайда болады.
База отдыха в каньоне Чарын - Sputnik Қазақстан
15/20
Жергілікті шенеуніктердің пікірінше, экотуризм басымдыққа ие аймаққа айналуы керек. Ұлттық саябақтың аумағында біртіндеп "жасыл" технологияларға негізделген арнайы демалыс аймақтары пайда болады.
© Sputnik / Тимур БатыршинСондай-ақ, шатқалға түсетін баспалдақ пен Шарын өзенінің үстіне жаяу жүретіндерге арналған көпір салу жоспарда бар.
Чарынский каньон - одна из главных природных достопримечательностей - Sputnik Қазақстан
16/20
Сондай-ақ, шатқалға түсетін баспалдақ пен Шарын өзенінің үстіне жаяу жүретіндерге арналған көпір салу жоспарда бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазір шатқалда төрт жаяу серуендеу жолы бар. 2025 жылға қарай екі келушілер орталығы мен этноауылдар, үш көру алаңы мен кемпингтер, кафелер мен кәдесыйлар дүкенін салу жоспарланып отыр.
Туристы в горах Алматы - Sputnik Қазақстан
17/20
Қазір шатқалда төрт жаяу серуендеу жолы бар. 2025 жылға қарай екі келушілер орталығы мен этноауылдар, үш көру алаңы мен кемпингтер, кафелер мен кәдесыйлар дүкенін салу жоспарланып отыр.
© Sputnik / Тимур БатыршинӨзеннің жанында шатырлы қалашықтар мен оңай орнатылатын модульдік құрылымдардан жасалған глэмпингтер салынады.
Возле реки построят палаточные лагеря и глэмпинги из легковозводимых модульных конструкций - Sputnik Қазақстан
18/20
Өзеннің жанында шатырлы қалашықтар мен оңай орнатылатын модульдік құрылымдардан жасалған глэмпингтер салынады.
© Sputnik / Тимур БатыршинШарын шатқалындағы қоғамдық дәретхана. Бағасы – 100 теңге.
Общественный туалет в Чарыне. Цена - 100 тенге - Sputnik Қазақстан
19/20
Шарын шатқалындағы қоғамдық дәретхана. Бағасы – 100 теңге.
© Sputnik / Тимур БатыршинЕуразиядағы жалғыз шатқалды қамтитын ұлттық парк 2004 жылы құрылды.
Чарынский каньон - одна из главных природных достопримечательностей - Sputnik Қазақстан
20/20
Еуразиядағы жалғыз шатқалды қамтитын ұлттық парк 2004 жылы құрылды.
Жаңалықтар
0