Қоғам

Қазақстанда демалыстағы шектеуді алып тастау мәселесі көтерілді

© Sputnik / Владислав ВодневЖители Нур-Султана
Жители Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенбі-жексенбі күндері сауда орталықтары, жабық базарлар сияқты адам көп жиналатын жерлер ғана жабық болады. Бұдан бөлек, сұлулық салондары, фитнес пен SPA-орталықтары жұмыс істемейді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова демалыстағы шектеулерді алып тастауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Демалыстағы шектеулерді алып тастау мәселесі әзірше қаралып жатқан жоқ", - деді Есмағамбетова журналистерге берген сұқбатында.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде демалыстағы шектеулер көп емес. Сенбі-жексенбі күндері сауда орталықтары, жабық базарлар сияқты адам көп жиналатын жерлер ғана жабылып тұрады. Бұдан бөлек, сұлулық салондары, фитнес пен SPA-орталықтары жұмыс істемейді.  

"Бүгінде демалыстағы шектеулердің саны аз қалды. Ал біздің негізгі міндетіміз – санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау, одан кейін науқастардың санын біртіндеп азайту", - деп атап көрсетті Есмағамбетова. 

Айта кетейік, соңғы бір тәуліктің ішінде республика бойынша COVID-19 инфекциясынан және коронавирус белгілері бар пневмониядан 11 науқас қайтыс болды. Бір күнде пневмониямен ауыратын тағы 77 науқас тіркелді. Ал 52 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. 

Жалпы, 13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 106 855 адамға жетті, 1 671 адам қайтыс болды. Ал 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмониялар тіркеліп келеді. Содан бері 29 658 науқас анықталды. Соның ішінде 328 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0