НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 52 адам коронавирус жұқтырды. Індет ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Коронавирус індетіне шалдыққандар Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында көп анықталғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 1
- Ақмола облысы - 3
- Ақтөбе облысы - 2
- Алматы облысы - 4
- Атырау облысы - 11
- Шығыс Қазақстан облысы - 11
- Батыс Қазақстан облысы - 6
- Қарағанды облысы - 5
- Қостанай облысы - 3
- Павлодар облысы - 1
- Солтүстік Қазақстан облысы - 5
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106 855.