НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда мектеп мұғалімдері үшін ұлттық біліктілік тесті басталды, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі.
Мұғалімдер үшін біліктілік сынағы 14-29 қыркүйек аралығында өтеді.
"Бүгіннен бастап, яғни 14 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін ұлттық біліктілік тесті басталды", - делінген хабарламада.
Одан кейін біліктілік сынағын мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері және білім ұйымдарының басшылары тапсырады.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұлттық біліктілік тесті уақытша тоқтатылған болатын.
Айта кетсек, тест тапсырып, біліктілігін растаған мұғалімдерге үстемеақы төленеді.