Экономика

Жер және мүлік салығын төлеу мерзімі қашан аяқталатыны белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтарға, сондай-ақ, салық салу объектілері бойынша қате мәліметтерді өздігінен түзету мүмкіндігі берілді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтар жер және мүлік салығын 2020 жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Меншігінде жер телімі мен жылжымайтын мүлкі бар жеке тұлғалар 2020 жылдың 1 қазанына дейін 2019 жыл үшін мүлік және жер салығын төлеуі керек", - делінген хабарламада.

Комитеттен нақтылағандай, мүлік және жер салығы бойынша төлемдерді e-Salyk мобильді қосымшасындағы жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің алдағы төлемдері туралы ашық қызметі арқылы, немесе дәл сол қосымшадағы "Салық әмияны" қызметінің жеке кабинетінде "Бюджетпен есеп айырысу" бөлімінен көруге болады.

Азаматтар салықты екінші деңгейлі банктердің, "Қазпочта" АҚ төлем карталары арқылы, алдын ала толтырылған реквизиттерді пайдалана отырып, төлей алады.

Қате мәліметтерді түзету 

Енді қазақстандықтар салық салу объектілері бойынша қате мәліметтерді өздігінен түзете алады.

"Қате есептелген салықтар, меншігінде жоқ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша салық міндеттемелерін "Салық әмияны" қызметінің "Салық салу объектілері" бөлімінде түзетуге болады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитетінен.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинағының бір бөлігін алған кезде салық төлеу керек

Ол жерде өз атыңызға тіркелген салық салу объектілері (мүлік, жер, көлік) туралы мәліметтер көрсетілген.

Осы жылдың 7 қыркүйегінде көлік салығы бойынша салық салу объектілерін түзету функциясы іске қосылса, 11 қыркүйектен бастап мүлік салығы бойынша салық салу объектілерін түзету мүмкіндігі бар.

Салық салу объектілері туралы ақпаратты жаңарту үшін "Салық әмияны" арқылы өкілетті органдарға (ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ҰАО) электронды өтінім жіберу қажет.  

Комитеттің ақпаратынша, жер салығы бойынша салық салу объектілері туралы деректерді түзету қызметі осы жылдың соңына дейін іске қосылады.

E-Salyq мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store-дан жүктеуге болады.

Жаңалықтар
0