Өңірлер

WhatsApp арқылы тараған ақпарат Павлодар жұртын шошытты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хабарламада колониядан кісі өлтіруші, маньяк және зорлаушы қашып кеткені туралы айтылады. Алайда бұл ақпарат расталмады

ПАВЛОДАР, 14 қыркүйек – Sputnik. Павлодар колониясынан қауіпті қылмыскерлердің қашып кеткені туралы WhatsApp-та тараған ақпарат расталмады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдуғалиева.

"Әлеуметтік желілерде АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан үш сотталушының қашып кеткені туралы ақпарат таралып жатыр. Осыған байланысты бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Павлодар облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен қашу және жазаны өтеуден жалтару фактілері тіркелмеді. Фотосуретте көрсетілген адамдар АП-162/4 колониясында болмаған", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Баспасөз қызметі қасақана жалған ақпарат таратқандар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді

Бұған дейін Павлодардағы колониядан аса қауіпті қылмыскерлер – зорлықшы, кісі өлтіруші, маньяк қашып кеткені туралы ақпарат тарап кеткен болатын.  

Жаңалықтар
0