Мәдениет

"Томирис" фильмі Париждегі кинофестивальде Гран-при жеңіп алды

© Sputnik / Владислав ВодневПремьера фильма "Томирис"
Премьера фильма Томирис - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Француз тілінде хабар тарататын ірі CANAL+ телеарнасы қазақстандық "Томирис" фильмін прайм-таймда көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. "Томирис" кинокартинасы Париждегі L"Etrange Festival 26-шы кинфестивалінде халықаралық толықметражды фильмдер секциясында Гран-при иегері атанды. Бұл туралы режиссер Ақан Сатаев хабарлады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akan Satayev (@akansatayev)

"Фестиваль серіктестерінің бірі, француз тіліндегі әлемдегі ең ірі ақылы телеарна CANAL+ енді біздің фильмді прайм-таймда көрсетеді", - деп жазды режиссер, "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от L'Étrange Festival (@etrangefestival)

L"Etrange Festival кинофестивалі Парижде 2-13 қыркүйек аралығында өтті.

Бұған дейін Акан Сатаевтың Томирис туралы фильмін көрсету құқығының халықаралық дистрибьюторы Arclight Films компаниясы Marché Du Film халықаралық кино нарығы кезінде жасалған мәмілелер туралы хабарлады.

Оқи отырыңыз: Режиссер Ақан Сатаев басшылық қызметке тағайындалды

Келіссөздерден кейін мына компаниялар фильмді көрсету құқығын иеленді: Италияда Blue Swan, Францияда SND Films, Испанияда Art Mood, Жапонияда AT Entertainment, Таяу Шығыста Gulf Film, Оңтүстік Кореяда Challan, ТМД елдерінде Paradise/ MGN, Сингапурде Shaw, Румынияда Program 4 Media және Түркияда Siyah Bayez Movies.

АҚШ-та көрсету құқығын Well Go USA компаниясы сатып алды.

Ақан Сатаев түсірген "Томирис" фильмі парсы патшасы Кирге қарсы тұрған сақ патшайымы туралы баяндайды.

Жаңалықтар
0