Әлем

Ресей Беларуське 1,5 миллиард доллар көлемінде мемлекеттік кредит береді – Путин

© Российская газета/POOL / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и президент Белоруссии Александр Лукашенко (слева) во время встречи, архивное фото
Президент РФ Владимир Путин и президент Белоруссии Александр Лукашенко (слева) во время встречи, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей президенті сондай-ақ жыл ішінде Ресей мен Беларусь аумағында әскери іс-шаралар өткізу қарастырылғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Ресей жақын уақытта Беларуске мемлекеттік кредит беруді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин беларусьтік әріптесі Александр Лукашенкомен кездесуінде. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.  

Әңгімелесу кезінде Ресей президенті Мәскеу Минскіге 1,5 миллиард долларға кредит беретінін, қазір қаржы министрлері жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

"Ресей жақын арада Беларуське беруді жоспарлап отырған кредитті кездейсоқ еске салып отырған жоқпын, бұл қаржы нарығында да көрініс табады деп сенемін", - деді Путин келіссөздер кезінде.

Ресей президенті сонымен қатар Ресей мен Беларусь аумағында жыл ішінде әскери іс-шаралар өткізу қарастырылғанын мәлімдеді.

"Александр Григорьевич, әскерге қатысты дұрыс айтып отырыз, бізде жоспар бар, ол жүзеге асырылады. Бір жыл ішінде Беларусь аумағында да, Ресей аумағында да ай сайын іс-шаралар өткіземіз. Бұрын қалай жоспарланса, солай болады", - деді Путин кездесуде.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы төмендей ме? 

Сондай-ақ, Ресей басшысы мәлімдегендей, Ресей мен Беларусь көптеген салада өте терең ынтымақтастық орнатқан, елдер пандемияға байланысты төмендеген сауда айналымын қалпына келтіруі керек.

"Айтпақшы, коронавирус біздің тауар айналымымызға әсер етті, өкінішке қарай, бүкіл әлемде солай болып жатыр, сауда айналымының деңгейі төмендеді. Бірақ осыған байланысты, біз бұрынғы дағдарысқа дейінгі сауда айналымы мен экономикалық қатынастардың деңгейін қалпына келтіріп қана қоймай, алға жылжудың алғышарттарын жасау үшін қосымша күш салуымыз керек деп санаймын", - деді Путин.

Ол келіссөздер барысында осыған назар аударуды ұсынды.

Жаңалықтар
0