Қоғам

Өткен тәулікте елімізде коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневВрач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші тамыздан бері пневмониямен ауыратын 29 658 науқас тіркеліп, 328 адам қайтыс болды, 6 853 адам жазылып шықты

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 13 қыркүйекте COVID-19 инфекциясынан және коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылған он бір науқас қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Осылайша, өткен тәулікте коронавирустан төрт адам және пневмониямен ауыратын жеті адам қайтыс болды.

Сонымен қатар бір күнде пневмониямен ауыратын тағы 77 науқас тіркелді, 30 адам емделіп шықты. 52 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 12 адам жазылды.

Бірінші тамыздан бастап пневмониямен ауыратын 29 658 науқас тіркелді, оның ішінде 328 адам қайтыс болды, 6 853 адам жазылды.

Оқи отырыңыз: COVID-19: Ғалымдар антидене ағзада бір ай ғана болатынын анықтады

13 наурыздан бастап 14 қыркүйекке дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 855 адамға жетті, 1 671 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0