Өңірлер

Павлодар облысында картоп жинап жүрген ер адам комбайнның астына түсті

CC0 / pixabay.com / Картоп
Картоп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Жазатайым оқиға картоп жинау науқаны кезінде болған, ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында 59 жастағы механизатор картоп жинайтын комбайнның астына түсті. Бұл туралы өңірдің полициясы хабарлады.

Жазатайым оқиға 13 қыркүйек, жексенбі күні Ақсу ауданы Еңбек ауылының маңындағы суармалы алқапта болған.

"Картоп жинайтын комбайнмен жұмыс істеп жүрген 59 жастағы ер адам абайсызда техниканың астына түсіп кетті", - делінген Павлодар облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында екі бала шөп тиелген трактордың астына түсті

Ер адам түрлі жарақатпен Ақсу қаласының ауруханасына жеткізілді.

Бұл факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0