Қоғам

Мәжіліс төрағасына бетпердесіз отыруға бола ма – бас санитардың түсініктемесі

CC0 / pixabay.com / Медицинская маска
Медицинская маска - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есмағамбетованың айтуынша, мәртебеге қарай тиісті талаптар жеңілдетіледі немесе күшейтіледі. Бірақ бетпердені тағу қажет

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәжіліс отырысы кезінде бетперде тағуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тұмауға қарсы вакцинацияға арналған брифингте журналистер мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бетпердесіз отырыс өткізуі туралы сұрады.

"Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен аптадағы жалпы отырысты бастан-аяқ бетпердесіз өткізді. Бұл ережені бұзу емес пе?",  – деді тілшілер.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, тамыздың соңында қабылданған қаулы бойынша отырысты онлайн форматта өткізуге мүмкіндік болмаса, дәстүрлі түрде ұйымдастыруға рұқсат берілген. Бірақ бетпердені тағу қажет.

"Санитарлық ережелер бойынша бетпердені міндетті түрде тағу керек. Сонымен қатар, адамдар арасындағы арақашықтық сақталуы шарт. Негізі, мәжіліс пен сенат президенттің іс басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне қарайды", – деді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: "Маған баға берудің қажеті жоқ" Нығматулин жаңа вице-министрге шүйлікті

Оның сөзіне қарағанда, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша барлығына ортақ талаптар енгізіледі. Ал санитарлық қызметтер жағдайға қарай ол талаптарды жеңілдетеді, я болмаса, күшейте алады.

"Мысалы, президенттің іс басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мәртебе мен жағдайға қарай тиісті талаптарды жеңілдетеді немесе күшейтеді. Бетперде тағу қажет ", – деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Жаңалықтар
0