Өңірлер

Қазақстанның солтүстігінде үй құсы қырылып жатыр: прокуратура жағдайды бақылауға алды

© Public DomainТауықтар
Тауықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақсан облысының үш ауданында үй құстары жаппай қырылып қалған, оған не себеп болғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының үш ауданында үй құстарының жаппай қырылу фактілері тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жаппай қырылу Тимирязев ауданының Тимирязево, Элеваторный елді мекендерінде, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чернобаевка ауылында және Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында тіркелді. Барлығы 686 бас құс қырылды", - деп мәлімдеді прокуратурадан.

Олар өртеліп, аулаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

"Ветеринарлық қызмет зертханалық тексеріс үшін құстың қаны мен ішкі ағзаларын алды. Олар құстың жаппай қырылу себебін анықтау үшін Петропавл қаласына жолданды. Облыс прокуратурасы жағдайды өз бақылауына алды. Қазір тексеріс шаралары жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді қадағалау органынан.

Прокуратура аудан тұрғындарын тыныштық сақтап, байбалам салмауға шақырды.

Жаңалықтар
0