Қоғам

Жаңаөзенде көшеден жаңа туған нәресте табылды

© Photo : congerdesignСәби, иллюстративті фото
Сәби, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәби интенсивті терапия палатасында жатыр, өздігінен дем алады. Жағдайы тұрақты, бірақ ауыр дейді дәрігерлер

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жеке үйдің алдынан жаңа туған нәресте табылды.

Қазір сәби интенсивті терапия палатасында жатыр, жағдайы тұрақты, бірақ ауыр, деп хабарлайды өңірлік "Тумба" басылымы.

"Рахат" шағын ауданының көшесінде тұрғындар баланың жылаған дауысын естіген. Олар бірден жедел жәрдем шақырды.

"Жедел жәрдем бригадасы нәрестені Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізді. Ұл баланың салмағы – 2 келі 740 грамм, ал бойы – 49 сантиметр. Сәби ауруханаға түскен кезде дене қызуы 31 градус болған. Кіндігі жаман кесілген", - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбол Оқуов.

Тағы оқыңыз: "Құдай бізді кешірсін": Атырауда сәбиді өлтірген дәрігерлердің әңгімесі жарияланды  

Қазір бала интенсивті терапия палатасында жатыр, өздігінен дем алады. Дәрігерлер сәбидің жағдайын тұрақты, бірақ ауыр деп бағалап отыр.

"Нәрестенің қайда және қашан дүниеге келгені белгісіз. Жағдайы жақсарған соң, ол қамқорлық органдарына беріледі. Ал анасын полиция іздейді", - деп нақтылады баспасөз қызметінің жетекшісі.

Бұған дейін Алматы тұрғыны Райымбек даңғылының бойындағы арықтан жаңа туған нәресте тауып алған еді. Қазір бала дәрігерлердің бақылауында.

Жаңалықтар
0