Елорда тынысы

Бас санитар дәрігер карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізді

© Sputnik / Владислав ВодневЖағалау, елорда
Жағалау, елорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге сол күйі тыйым салынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Елордада қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты түнгі 24.00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дәмхана, мейрамхана, барлар мен асханаларда ғимараттың ішінде және жазғы алаңда орын саны 30-дан аспауы тиіс.

Үстелдер арасында кемінде екі метр ара қашықтық сақталуы қажет. Бір үстелде 4-6 адамнан артық отыруға болмайды.

 "Жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін белгіленіп ұйымдастырылсын", - делінген құжатта.

Ал тұрғын үй ғимаратында орналасқан тамақтану орындары жұмыс және демалыс күндері 9.00-ден 22.00-ге дейін істейді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қай кезде ең қатаң карантин жарияланатыны белгілі болды

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге сол күйі тыйым салынады.

Адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметі, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлары бар бизнес орталықтарға жұмыс күндері ғана емес, демалыста да 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Сонымен қатар, "Хан Шатыр" сауда орталығындағы жағажай клубында бассейннің жұмысы жанданды. Су аттракциондары іске қосылған жоқ.

Жаңалықтар
0