Қоғам

"Алты жасымда әкемнен айырылдым": Аймағамбетов желіде жазба жариялады

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр образования Казахстана Асхат Аймагамбетов
Министр образования Казахстана Асхат Аймагамбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алты жасымда әкем өмірден озды. Менен басқа бес бауырым болды, бар жүк анама түсті. Ол кезде 40 жаста ғана еді, деп жазды министр

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек — Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің отбасы туралы айтты. Ол алты жасында әкесінен айырылғанын, анасы жалғыз өзі алты баланы өсіргенін жазды.

"Бүгін Отбасы күні. Мереке Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. Әдетте жеке өмірім жайлы айтпаймын, алайда бүгін ерекше күн. Мен көпбалалы отбасында туып-өстім, менен басқа бес бауырым болды. Алты жасымда әкем өмірден озды. Бар жүк анама түсті. Ол 40 жаста ғана еді. Өзім осы жасқа келгенде, шын мәнінде, түсіне бастадым", - деп жазды Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында.

Министр, 90-шы жылдардың қиын кезең болғанын да еске түсірді.

"Ауылда тұрдық, анам жұмыстан бөлек үй шаруашылығымен айналысатын. Біз бір-бірімізге көмектестік. Құдықтан су тасыдық, шаруашылықпен айналыстық, шөп дайындап, пеш жақтық. Үлкендер кішілерді үйретті, кішілер үлкендерге көмектесті", - деді министр.

Ол қиындықтар біраз сабақ алғанын айтты. Бастысы - жақындардың қадірін білуге үйретті.

"Менің екі балам бар. Жұмыстан үйге келіп, балалар мен жарым қарсы алғанда барлық келеңсіз жайттарды ұмытып кетемін. Балалармен уақыт өткізіп, ойнау керемет әсер береді", - деді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Мереке тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2013 жылы бекітілді.

Жаңалықтар
0