Өңірлер

Атырауда көпірден секіргелі тұрған қызды полицейлер көріп қалды – видео

CC0 / Iva Balk / Спиннер в руках у девушки
Спиннер в руках у девушки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өмірзақ Абдолов пен Бердібек Қабиболлаев қызметтік көлікпен өтіп бара жатып, көпір қоршауының арғы жағына шығып кеткен қызды байқаған

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Атырау полицейлері суицид жасамақ болған бойжеткенді құтқарды.

Оқиға 11 қыркүйекке қараған түні шамамен сағат 03:40-та Атыраудағы "Балықшы-Жұмыскер" автомобиль көпірінде болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері Өмірзақ Абдолов пен Бердібек Қабиболлаев қызметтік көлікпен көпірден өтіп бара жатып, көпір қоршауының арғы жағына шығып кетіп, өзенге секірмек болып тұрған қызды байқайды. Шапшаң қимылдап, дереу қасына жақындаған полицейлер қызбен сөйлесіп, оқыс қимыл жасамауын сұрап, секірмеуге көндіреді.

Оқи отырыңыз: Полиция көпір үстіне шығып кеткен алматылық туралы ақпарат таратты – видео 

20 жастағы қыз досымен арада келіспеушілік болғанын айтқан.   

Өзіне қол салмақ болған тұрғынмен полицейлер әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жаңалықтар
0