Өңірлер

Алматы облысында ауыл тұрғыны полицияға суық хабар жеткізді

CC0 / pixabay.com / Молодой мужчина, иллюстративное фото
Молодой мужчина, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны балық аулап жүріп мәйіт тауып алған. Ол із-түзсіз жоғалған бозбаланың денесі болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында жоғалған бозбала өлі табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ребенок с игрушкой, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда жоғалған бала өлі табылды
11 қыркүйекте "102" пультіне Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны Шелек ауылынан үш шақырым жердегі көл жағасынан жас жігіттің жансыз денесін тапқаны туралы суық хабар жеткізді.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы дене хабар-ошарсыз кеткен 17 жастағы Равиль Абумуслимовтың мәйіті екенін анықтады.

Ер адам балық аулап жүріп мәйіт тауып алып, дереу полицияға хабарлаған. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды.

Еске сала кетейік, Равиль осы жылдың 30 тамызында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен болатын. Полицияға баланың туыстары хабарлаған. Іздеу жұмыстарын уәкілетті органдар мен еріктілер тоқтаусыз жүргізген.
 

Жаңалықтар
0