НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек — Sputnik. Қалыңдық той кезінде тыныштандыратын дәрі ішіп, көз жұмды. Оқиға Дағыстанда болды, деп хабарлады Ресейдің тергеу комитетінің өңірлік басқармасы.
Ол той кезінде қатты толқыған. Дәріханадан препарат алып ішкен. Жағдайы ушығып, ауруханада қайтыс болды.
Бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Дәрігер-патологоанатомның айтуынша, қалыңдық өліміне дәрі ғана емес, өзге де жағдайлар себеп болуы мүмкін.
"Дәрінің еш қатысы болмауы да мүмкін. Ауыр сырқат салдарынан жүрегі тоқтап қалды деген де болжамым бар. Ол ауыратынын білмесе керек", - деді сарапшы "Московский комсомолец" басылымына.
Дәрігер егер адамның ауыр дерті болса, бұған дейін ішпеген дәрі өлімге әкеліп соғуы мүмкін екенін айтып отыр.