Қоғам

Шетелде оқыған екі мың қазақстандық отандық университетке ауысты

© Sputnik / Болат ШайхиновЛаборатория Назарбаев университета
Лаборатория Назарбаев университета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тамыздың басында білім және ғылым министрлігі оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмаған студенттерге көмек көрсете бастаған

АЛМАТЫ, 11 қыркүйек – Sputnik. Шетелде оқыған екі мыңнан астам студент қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысты. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Қазақстанның білім министрлігі шетелдік жоғары оқу орындарында өз бетінше оқыған қазақстандық студенттерге отандық университеттерге ауысуға көмектесті. Студенттерге құжаттарды рәсімдеу барысында жоғары оқу орындарына виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жеңілдетілген формат ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Студенттер шағымынан кейін "Астана" университетінде тексеріс басталды 

Министрліктің хабарлауынша, шетелдік жоғары оқу орындары да жаңа оқу жылын қашықтан оқыту форматында бастады. Алайда кей шетелдік оқу орны студенттеріне қашықтан оқуды жалғастыру үшін платформалар ұсына алмаған.

"Тамыздың басында білім және ғылым министрлігі оқуын жалғастыру үшін өзіне байланысты емес себептер бойынша елден шыға алмаған студенттерге көмек көрсете бастады. Алдын ала қабылданған шешімдердің арқасында 2 мыңнан астам қазақстандық студент отандық жоғары оқу орындарына ауысуға ниет білдірді", - делінген министрлік таратқан ресми ақпаратта.

Айта кетейік, тамыздың ортасында шетелде оқитын азаматтарды қолдау үшін арнайы жедел желі іске қосылған болатын.

Жаңалықтар
0