Қоғам

Дәрігер күзде салмақ тастауға көмектесетін өнімдерді атады

© Photo : PixabayВесы
Весы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін мамандар қартаймаудың құпиясын бөліскен еді. Олар рационға көк шайды қосуға кеңес беріп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек - Sputnik. Диетология және диетотерапия мамандары күзде арықтау үшін асқабақ таптырмас өнім екенін айтты. 

Асқабақ қыркүйекте пісе бастайды. Ол дәмді әрі калориясы аз екені айтылып отыр. Мұндай үйлесім сирек кездеседі, деп хабарлайды РИА Новости.

Алайда, асқабақты ғана жеумен шектелуге болмайтыны ескертілді. Өйткені, ағзаға кері әсері болуы мүмкін. Салдарынан артық салмақ ешқайда кетпейді.

Асқабақта өзге де өсімдік өнімдерінде сынды органикалық қышқыл бар. Ол асқазанды тітіркендіріп, тәбетті арттырады. Сондай-ақ, тамақтану тапшылығы болуы ықтимал. Өйткені, асқабақта жануар ақуызы жоқ. Бастысы, мұндай диетаны бірден тастап кетпеген жөн. Себебі, артық салмақты тез жинап алуы мүмкін.

Бұған дейін мамандар қартаймаудың құпиясын бөліскен еді. Олар рационға көк шайды қосуға кеңес беріп отыр. Қартаю процесін баяулатып, ағзаны жасартады. Қант қосылмаған шоколад жеу де пайдалы.

Жаңалықтар
0