Қоғам

Тұмауға қарсы вакцинация: министр Цой өзіне екпе салдыруды жоспарлап отыр

© REUTERS / STRINGERШприц с вакциной против коронавируса
Шприц с вакциной против коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры тұмауға қарсы вакцинаның бағасы – 2 200 бен 4 500 теңге аралығында болатынын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. 15 қыркүйек күні Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елордадағы ауруханалардың бірінде өзіне тұмауға қарсы вакцина салдырады. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сейсенбі күні, 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе науқаны басталады. Денсаулық министрі Алексей Цой, өзі бастаған бір топ министрліктің басшылары Нұр-Сұлтан қаласындағы емханалардың біріне барып, екпе алады. Біз де салдырамыз", – деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.

Биыл Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация әдеттегі мерзімнен екі аптаға ерте, 15 қыркүйекте басталады.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекеновтің айтуынша, тұмауға қарсы вакцинаның бағасы – 2 200 бен 4 500 теңге аралығында.

Вакцина халықтың тәуекел тобына тегін егіледі. Бұл үшін екі миллион доза сатып алынды. Қалған азаматтар вакцинаны өз ақшасына салдыра алады.

Оқи отырыңыз: Баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-ана жауапқа тартыла ма – министр жауабы

Бұған дейін Бағдат Қожахметов 15 қыркүйектен қазақстандықтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу басталатынын мәлімдеген еді. Науқан екі айға, 15 қарашаға дейін созылады.

Жаңалықтар
0