Қоғам

Сапарбаев президентке Қордайдағы жағдайды баяндап берді

© Официальный сайт Президента КазахстанаАким Жамбылской области рассказал президенту о ситуации в Кордае
Аким Жамбылской области рассказал президенту о ситуации в Кордае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауданда тұрғын үй және жол құрылысы, білім беру, медицина, мәдениет және спорт саласында жалпы сомасы 31,7 миллиард теңгеге 336 жоба іске асырылған

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.  

Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, биылғы жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыру жоспарын таныстырды.

Ресми мәліметке сәйкес, облыста жаңадан 26,7 мың жұмыс орны ашылған. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар мен мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар аясында 1370 жобаны іске асыруға 142 миллиард теңге бағытталды. Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үлесі 72%-дан 77,1% -ға, газбен қамту 74,2%-дан 85,9%-ға артады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қордай ауданындағы ахуал туралы да баяндалды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Биыл ауданда тұрғын үй және жол құрылысы, білім беру, медицина, мәдениет және спорт саласында жалпы сомасы 31,7 миллиард теңгеге 336 жоба іске асырылған.

Оқи отырыңыз: Қордай ауылдары қалай қалпына келтіріліп жатыр – фото 

Тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарды қайта қалпына келтіру шаралары да қатаң бақылауға алынды. Қайырымдылық қорлары арқылы 311 миллион теңге жиналып, 41 тұрғын және 13 коммерциялық нысан қалпына келтірілген. Сонымен қатар қатты зардап шекпеген 103 нысанға жөндеу жұмыстары өткізілген.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес, коронавирустың болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ауруханалардағы төсек-орын көлемі 2530 орынға артқан. Пандемиямен күреске 8,1 миллиард теңге бөлініп, дәрі-дәрмектердің екі айға жеткілікті қоры жасақталған", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 7 ақпанға қараған түні Қордай ауданында тәртіпсіздіктер болды. Қайғылы оқиғалардың салдарынан он адам көз жұмды. Тағы бір марқұмның денесі кейінірек өртенген ғимарат үйінділерінің арасынан табылды.

Тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттар, сондай-ақ автокөліктер отқа оранды. Жаппай тәртіпсіздікке мыңнан астам адам қатысып, 780 отбасы зардап шекті.

Осы оқиғаға байланысты 120-дан астам қылмыстық іс ашылғаны белгілі болды. Оқиға қатысқан 50-ге жуық адам ұсталды.

Жаңалықтар
0