Қоғам

Кредиттік амнистияны талап етеді: Алматы билігі митинг өткізуге рұқсат берді

© Sputnik / СтрингерАстанада жиналған халық
Астанада жиналған халық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы билігі көшеде митинг өткізуге рұқсат берді. Кредиттік амнистияны талап ететін белсенділер 13 қыркүйек күні Шоқан Уәлиханов атындағы сквердің алаңына жиналады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Алматыда 13 қыркүйек, жексенбі күні әкімдікпен келісілген митинг өтеді. Белсенділер кредиттік амнистия мен жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салуды талап етеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратынша, митинг 13 қыркүйекте Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы сквердің алаңында өтеді. Бейбіт жиналыс 11.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады.

Митингті тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясының жақтастары мен азаматтық белсенділер ұйымдастырады.

Митинг Алматы әкімдігімен келісілді. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің жауабында айтылған. Құжаттың суретін құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-тегі парақшасында жариялады. Ұйымдастырушылар қатысушылардан санитарлық талаптарды қатаң сақтауды сұрап отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс

Бейбіт жиналысқа кез келген адам қатыса алатыны хабарланды.

Шілде айының ортасында Алматыда жануарларды қорғау туралы бейбіт жиналыс жоспарланған еді, алайда пандемияға байланысты өтпей қалды.

Жаңалықтар
0