Оқиға

Ақтау тұрғынын аулада атып кетті

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуАрхивное фото вооруженного мужчины
Архивное фото вооруженного мужчины  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарақат алған ер адам бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда есін жимастан көз жұмғаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек — Sputnik. Ақтаудың 5-ші ықшам ауданындағы аулалардың бірінде ер адамды атып кетті. 

Қалалық полиция басқармасының кезекші пультіне 9 қыркүйек күні сағат 19.55-те қоңырау түскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жетті.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды жергілікті "Лада" басылымы.

Жарақат алған ер адам бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда есін жимастан көз жұмғаны хабарланып отыр.

Оқиға Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0