Әлем

Әлемдік вакциналар бәсекесінде батыс елдері неліктен қалып келеді

© Пресс-служба АФК "Система" / Медиабанкке өтуПроизводство вакцины от COVID-19 на фармацевтическом заводе "Биннофарм"
Производство вакцины от COVID-19 на фармацевтическом заводе Биннофарм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыстық ақпарат құралдары үшін Ресейдің ізінен жүріп, оны әйгілеу оларға артықтық етпейді. Тіпті, беделін арттыра түседі десек те болады

Әлемдік вакциналар жарысы мәреге таяған сайын саяси оқиғалар мен дау-жанжалдар, тіпті, ауыр апат-зардаптар да елеусіз күйде қалуда. Қатысушылар қатарындағы көшбасшы – жұлын қабынуына байланысты швед-британдық AstraZeneca вакцинасы болатын. Ол да осы бәсекеден шығып қалды, деп жазады РИА Новости.

БАҚ еркіндігі бойынша резолюция қалай бұрмаланды - Sputnik Қазақстан
Видео
БАҚ еркіндігі бойынша резолюция қалай бұрмаланды
Жаздың соңына қарай Ұлыбритания мен АҚШ билігі кейбір ақпарат құралдарында ресейлік вакцинаны "сынақтың III кезеңі аяқталғанға дейін жеделдетілген түрде тіркелген вакцина, бұл көпірме көшбасшылық" дегенге саятын материалдар жарияланды. Ал өздері болса, вакцинаны жеделдетілген түрде мақұлдауға дайындалып жатыр.

Десек те, Ресейдің ізінен жүріп, оны әйгілеу батыстық бұқаралық ақпарат құралдарына кедергі келтірмейді. Тіпті, беделін арттыра түседі десек те болады. Мысалы, CNN-де: "Путиннің вакцинасы білім саласындағы қызметкерлер арасындағы қарсылыққа тап болып жатыр. Мұғалімдердің кейбір шағын кәсіподақ ұйымы педагогтарды вакцина салдырмауға шақыратын онлайн-петицияны іске қосты" деп жазды. Ал кәсіподақ жетекшісі ретіндегі белсенді әйелдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі екені сөздерінен айқын сезіледі: "Біріншіден, орыс вакциналарының сапасы шетелдік вакциналардан нашар екенін бәрі жақсы біледі", – дейді тіл маманы. Екіншіден, ол тым қысқа уақытта дайындалғанын және қазірше мұғалімдердің ешқайсысы мәжбүрлі вакцинация туралы шағымданбағанын да атап өтеді.

Сол сияқты, Bloomberg-те кейбір америкалық университет ғалымдары "ресейлік вакцинаның сынақ нәтижелеріне күмән келтіреді" деген жазбалар жариялады. Сонымен қатар, Lancet-те жарияланған сынақ есебінде зерттеуге қатысушылардың денелерінде антиденелердің күдікті ұқсас деңгейлері бар екендігі айтылған. Бірақ, ол жерде фальсификация туралы тіс жармайды.

Негізінен, ресейлік мұндай жедел шешімдерді батыстың өзі де қайталауы мүмкін. Солай бола тұра, оны істемеуі, керісінше, мазақ етуі өте күлкілі. Батыс ақпарат құралдары қатты таңданғандықтан, CNN мен Bloombergs бірнеше ай бойы "сарапшылар күмәнданды", "дәрігерлер сенбейді", "Путин үкіметі статистиканы бұрмалайды деп санайды" деген сарында дәйексіз деректерге сүйеніп насихат жүргізді. Айтпақшы, батыстық бұқаралық ақпарат құралдарында қазір де "қытайлық" вакцина туралы сол "күдік-күмән" сарынындағы ақпараттар жариялануда.

Очки и газеты - Sputnik Қазақстан
Жаңалыққа қарсы насихат: батыс БАҚ-ының позициясы қандай?
Шындығында, коронавирусқа қатысты барлық нәрселер сияқты вакцина табу проблемасы АҚШ терең саясаттанған. Осы күндері "тоқтатылған" AstraZeneca-ның вакцинасы Дональд Трамптың "вакцина" саласындағы негізгі үміттерінің бірі болып табылады. Олар үшін сайлаушыларға коронавирусқа қарсы барынша жылдам қаражат ұсыну –  200 000 америкалықты өлтіріп, миллиондаған адамдардың өмірі мен үмітін құлатқан Джо Байденнің сайлауалды қақпасындағы басты мақсаты болады.

Сонымен қатар, Трамптың кампаниясындағы демократиялық бұқаралық ақпарат құралдары америкалықтардың денсаулығына қауіп төндіретін болжамды зерттеулерге негізделген науқанды бастап, Ресей вакцинасын "зәрге" теңеп жазып, жариялауда. Тіпті, осы мақсатта саяси ұпай жинау үшін президент белгісіз жанама әсерлері бар, тексерілмеген дәріні нарыққа енгізуге дайын.

Бірақ, Трамптың мұндай науқанына қарсы антитрамптық кампаниялар қазірдің өзінде жабайы әсерге ие (дәлірек айтсақ, бәрі бір-біріне – Трампқа да, Ресейге де, Қытайға да қарсы): социологиялық қызметтер мәлімдегендей, қазір америкалықтардың үштен екісі бекітілген вакцина пайда болғанымен, оны бірден қабылдамайтындарын ашық айтады.

Ақиқатында, Трампты жеңу үшін оның қарсыластары өз отандастарының арасында вакцинаға қарсы үгіт жүргізіп, жалпы вакциналарға деген сенімсіздікті тудыруға дайын.

Жаңалықтар
0